"Былық боп жатыр". Ресейлік жас қорғаушы "Тұран" клубынан қашып кетті

"Оренбург" ФК
22 жастағы Насыров Орынбор облысында дүниеге келген, ұлты қазақ.

Екатеринбургтің "Уралының" футболшысы Исламжан Насыров "Тұран" (бұрынғы атауы "Арыс") клубынан ат-тонын ала қашты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет телеграм арнасында хабарлады дейді, vesti.kz.

Бастапқыда бәрі жақсы болған көрінеді, Исламжан тіпті матчтердің бірінде гол салған. Алайда сосын заттарын жинап, Түркістан облысының командасынан кетіп қалған.

Ал себебін: "Онда былық боп жатыр" деп қысқа қайырған.

22 жастағы Насыров Орынбор облысында дүниеге келген, ұлты қазақ. Карьерасын новотроицктік "Ност" командасында бастаған. Өткен маусымда ол "Оренбургтың" негізгі қорғаушысы болды, алайда, оның негізгі командасы "Урал". Оның бұл клубпен келісімшарты 2021 жылдың 30 маусымына дейін жасалған (Transfermarkt мәліметі).

Еске салайық, "Тұран" ҚПЛ-2021 үміткерлерінің бірі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі