Бұл – халықты бірлікке шақыратын ең жарқын мереке – Нығматулин

Ж.Құспанов
Алғыс айту күнін айтады.

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин барша қазақстандықтарды "Алғыс айту" жалпыхалықтық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғыс айту мейрамы 2016 жылы Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен белгіленіп, содан бері барша қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметін көрсетіп, ризашылығын білдіретін, бірлік-берекеге шақыратын мемлекетіміздегі ең жарқын мерекелердің біріне айналды. Сондай-ақ, ұлттар арасындағы бауырластықты одан әрі тереңдетіп, жас ұрпақты мейірімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелейтін ерекше мереке, - деді Палата Спикері.

Осы ретте, Нұрлан Нығматулин тұрақтылық пен жалпыұлттық құндылықтарды сақтау және одан әрі нығайту Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді дамыту жолындағы негізгі бағытының бірі екенін айтты.

Сонымен қатар, Палата Спикері Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне, оның ішінде, Мәжілістегі Ассамблеядан сайланған депутаттардың елімізді дамытуда еселі еңбек етіп келе жатқанына назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы Тәуелсіз Қазақстанымыздың тірегі саналатын барша халқымызға өз алғысын білдіріп, әрбір отбасына, әрбір азаматқа денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді