Астанада жүзден аса паркомат сүріледі

kolesa.kz
Ақылы тұрақты пайдалану ережесін бұзғаны үшін жазаланған жүргізушілердің ақшасын қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

Нұр-Сұлтан әкімдігі қаладағы біраз паркоматты сот арқылы заңсыз деп тануды талап етті. Шенділер "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-н келісімшарт талаптарын сақтамады деп айыптап, құжаттың күшін жойды. Нәтижесінде ауданаралық сот ұйымды 133 паркоматты алып тастауға міндеттеді, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

Сот шешіміне сай кәсіпкерлерде "жергілікті атқарушы орган бекіткен қаулысыз Нұржол бульварының аумағына кірмейтін жерлердегі тұрақ үшін ақы алу құқығы болмаған". Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, сондықтан бір ай ішінде кәсіпкерлер қайта шағымдана алады.

Өткен жылы күзде компания екі жыл ішінде 500 млн теңге айыппұл жинауға көмектескенін айтып мақтанған. Ал сот шешімі күшіне енген соң, заңсыз жазаланған жүргізушілер ақшасын қайтарып алса болады.

Сот істі қайта қарау үшін жүргізушілер Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне арыз жазып, мына құжаттарды өткізуі қажет:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың "Парковочное пространство Астаны" ЖШС-не қатысты шешімінің көшірмесі (Нұр-Сұлтан қалалық сотының сайтындағы сот кабинетінен аласыз);
арыз беруші қайта қаралуын талап ететін айыппұл салынғаны туралы қаулының көшірмесі.

Сот шағымданған азаматтың арызын қанағаттандырса, жүргізушіге айыппұлдан бөлек заңсыз жауапқа тартылуы нәтижесінде келген шығындардың бәрі өтелуі тиіс.

Айтпақшы, елорда әкімдігі кейбір тұрақтардың заңсыз жұмыс істегені туралы мәлімдеме жасағанда онда көлік қойғаны үшін ақы төлегендердің ақшасын қайтарып беретінін айтқан. Мұның қашан және қалай жүзеге асатыны әзірше белгісіз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты