Путин туралы фильм түсіргендер Мирзияевке кірісті

видеодан кадр
Өзбекстан кезекті президент сайлауы биыл 24 қыркүйекте өтеді.

Ресейлік "Мастерская" киностудиясы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев туралы деректі фильм түсіруге кірісті. Фильмге "Өзбеккино" көмектесіп жатыр. Тапсырысты Өзбекстан президентінің әкімшілігі берген.

Фильм биыл тамыз айында, Өзбекстандағы президент сайлауы қарсаңында көрсетілмек, дейді centralasian.org.

"Мастерская" кино компаниясы 2015 жылы Ресей президенті Владимир Путин жайында "Президент. Жаңа Ресей тарихы" деген фильм түсірген. Фильм сыншылар тарапынан Путинді мақтап-мадақтау деген сынға қалған. 2018 жылы аталған студия тележүргізуші Владимир Соловьев пен Владимир Путиннің бір жарым сағаттық сұқбатын жариялаған.

Киносыншы Акмал Ризаевтың сөзінше, Мирзияев туралы түсіріліп жатқан фильмнен хабары бар, Путин жайындағы фильме ұқсайды. Оның продюсері қазақстандық Саида Медведева екен.

Медведева қазір Ташкентте, фильмді түсіруді бастап кетті. Фильмді 1 қыркүйек, Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында әрі президент сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқаны кезінде көрсетпек.

Бес жылдық мерзімі аяқталып жатқан Шавкат Мирзияев ешқашан шетелдік БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп көрмеген.

2018 жылы Шавкат Мирзияев 61 жасқа толғанда, "Мәртебелі президент" деген деректі фильм түсірілген.

Өзбекстан кезекті президент сайлауы биыл 24 қыркүйекте өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін