Алматыда карантин шаралары күшейтіледі

Алматы әкімдігі
Сондай-ақ ол жаппай вакцинация сәуір және мамыр айларында басталатынын мәлімдеп, алматылықтарды одан бас тартпауға шақырды.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова қалада карантин шаралары күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін, 10 наурызда Алматы "қызыл" аймаққа қайта оралды. Енді қалада шектеу шаралары күшейтілетін болады.

Құжат бүгіндері дайындалып, бизнес және қоғам өкілдерімен талқылануда. Кешке дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына қол қойылады, - деді ол.

Қалықова қарар кешкі сағат 9-ға дейін дайын болуы мүмкін екенін атап өтті.

Оның айтуынша, өткен мереке күндеріне, сондай-ақ ауру жұқтырған адамдардың өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамауына байланысты науқастар саны артуы мүмкін. Бас санитарлық дәрігердің орынбасары алматылықтарға маска киюге және қоғамдық орындарға барудан аулақ болуға кеңес берді.

Сондай-ақ ол жаппай вакцинация сәуір және мамыр айларында басталатынын мәлімдеп, алматылықтарды одан бас тартпауға шақырды.

Мұның бәрі Алматы қаласы тұрғындарының аурушаңдық деңгейінің күрт төмендеуіне әсер етеді, - деді Қалықова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды