Бұл масқара! Феминизм қазақ дәстүріне қайшы – Ақмарал Бекмұрзаева

Офелия Жакаева
Бұл батыс мәдениетінің ең жағымсыз көрінісі болды!

Күні кеше Алматыда өткен феминистер маршы біздің бағзы заманнан бері сақталып, қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрлер мен құндылықтарымызға қайшы келеді, деген "ADAL" партиясының өкілі Ақмарал Бекмұрзаеваның мәлімдемесін "ADAL" партиясы баспасөзге таратты

Оның пікірінше, батыстық бағыт пен радикалды феминизм қазақ дәстүрі және құндылықтарымен тіл табыса алмайды. Сол себепті біздің қоғам мұндай өзгерістер мен батыстық бағытқа ден қоюға дайын емес.

Бұл масқара – батыс мәдениетінің ең жағымсыз көрінісі болды! Біздің қоғамдағы әйел жынысына қатысты мәселені өткір деп айту қиын. Иә, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бар! Иә, кейбір жағдайларда жынысы бойынша кемсіту болуы мүмкін! Бірақ тұтастай алғанда, бүгінгі күні әйелдердің құқықтары мен бостандықтары шектелмейді. Нәзік жандар экономиканың, саясаттың, мәдениеттің және спорттың барлық әлеуметтік салаларында бой көрсетуде. ҚР Конституциясы барлық азаматтарға жынысына, нәсіліне, ұлтына, діни көзқарасына қарамастан тең құқықтар береді, - деді "ADAL" партиясының өкілі Ақмарал Бекмұрзаева.

Сонымен қатар ол, қазіргі таңда "ADAL" партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында көрсеткендей ауыл әйелдерінің біліктілігін арттырып, табыс көздерін ұлғайту жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты