Алматыда атасының немересін сабау оқиғасына қатысты тың мәлімет жарияланды

Волонтерлар анықтағандай, ер адам балаларға жиі қол көтереді.

Алматыда егде жастағы атасы немересін сабап тастады, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Желідегілерді қобажытқан видеоны таяқ жеген баланың анасы түсірген болып шықты. Сөйтсе балаға атасы мен апасы үнемі осылай қорлық көрсетеді екен. Белгілі болғандай, әйел көптен бері өзін және балаларын туыстарынан қорғауды сұрап келген. Енді ер адам 10 тәулікке қамалуы мүмкін.

Волонтерлар анықтағандай, ер адам балаларға жиі қол көтереді. Отбасында үш бала бар. Ажырасқаннан кейін Светлана ата-анасының қасына оралды. Бірақ көрген күндері күн емес. Бұл туралы әйел Instagram парақшасында жазып, көмек сұрайды. Кетейін десе, үй жалдауға ақша жоқ.

Атасы мен әжесі ұрып тастайды. Анасы өзіне және балаларына мезгіл-мезгіл сайын қол көтеретін өз ата-анасынан қорғауға көмек сұрайды. Оған тек дағдарыс орталығы ғана көмек ұсынды. Ол балаларын ұрғаны үшін үлкендердің жазалануын қалап, әділеттілік іздейді. Біз жергілікті билік бұл жағдайға бей-жай қарамай, мәселені қолға алады деп үміттенеміз, - дейді "Dobro.kz" еріктілер тобының жетекшісі Адема Сұлтанова

Осылай ұрып-соғу бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Бұл істі "Не молчи" қоры да қолға алды. Баланың таяққа жығылуы қоғамда үлкен наразылық тудырды. Қамқоршылық органдары мен полицияның араласуынан кейін қарияның тағдырын сот шешеді. Оны нағыз жаза күтіп тұр, 10 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Анықталған азамат И., сол кезде наркологиялық клиникада мәжбүрлі түрде ем алып жатқан. Оған қатысты ұру фактісі бойынша материал жиналды. Сараптама бойынша баланың денсаулығына жеңіл зиян келтірілген. Әйелдің ата-анасымен және үш баласымен бірге тұратыны анықталды. Оның айтуынша, ата-анасымен арада жанжалды жағдай туындаған, - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек

Осыған қарамастан, балалардың анасы дағдарыс орталығының қызметтерінен бас тартты, қазір ол Алматы облысындағы туыстарына уақытша көшіп кетті. Волонтерларға Светлана балалардың әкесі ата-ана құқығынан айырылғанын айтты. Отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылды, үш балалы ананы да үй кезегіне қоймаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: