Алматыда Наурыз мейрамында қоғамдық көліктер жұмысқа шықпайды

Алматы әкімдігі
Ауруға шалдығу деңгейі төмендемей тұр - Бекшин.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин демалыс күндері қалада қоғамдық көліктер жұмысқа шықпайтынын айтты. Наурыз мейрамына байланысты демалыс күндері автобустар, троллейбустар, метро жұмыс істемейді, деп хабарлайды zakon.kz.

Ауруға шалдығу деңгейі төмендемей тұр, біздің міндетіміз - медициналық ұйымдардың тұрақты режимде жұмыс істеуіне жағдай жасау, ауруды төмендету керек, медициналық ұйымдарға түсетін ауыртпалықты арттыруға жол бермеу қажет. Іс-шаралар кешені (жақында енгізілген шектеулер туралы - Автордың ескертпесі) өз жемісін берді. Біз демалыс және мереке күндері қозғалысты шектейміз, - деді Бекшин.

Ол қоғамдық көлік коронавирусты тарату көздерінің бірі екеніне сенімді.

17,5% инфекцияның ықтимал орны ретінде қоғамдық көлік аталады. Білесіздер ме, тұрақты ауру жұқтыру орындары бар, мысалы отбасы мүшелерінен дегендей. Одан кейінгі ауру жұқтырушы ықтимал орындар - базарлар, қоғамдық көліктер. Біз ауру жұқтырған адамдардан сұрақ-жауап аламыз және ауруды жұқтырудың ықтимал ошақтарын анықтаймыз. - деп түсіндірді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды