Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, Алматыдағы жекелеген әлеуметтік-экономикалық нысандар мен қызметтердің жұмыс режиміне шектеулер мен өзгерістер енгізілді:
1. Қоғамдық көліктер (қалалық және қала маңындағы маршруттар)
- жұмыс күндері, әдеттегі кестеге сәйкес жұмыс істейді;
- демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақыты: таңертең - 06: 00-ден 10: 00-ге дейін; кешке - 17: 00-ден 22: 00-ге дейін.
2. Сауда-ойын сауық орталықтары, сауда үйлері
- сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады;
- мереке күндері сағат 10: 00-ден 17: 00-ге дейін жұмыс істей алады;
- жұмыс күндері: 10: 00-ден 21: 00-ге дейін.
3. Супермаркеттер, гипермаркеттер, азық-түлік бөлшек сауда желілері
- сағат 06: 00-ден 02: 00-ге дейін жұмыс істей алады.
4. Азық-түлік дүкендері, минимаркеттер
- жұмыс уақыты: 06: 00-ден 24: 00-ге дейін.
5. Бөлшек сауда желілері және азық-түлікке жатпайтын дүкендер
- 09: 00-ден 21: 00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
6. Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлікке жатпайтыны)
- сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады;
- жұмыс күндері: 06: 00-ден 17: 00-ге дейін;
- мереке күндері: 10: 00-ден 17: 00-ге дейін.
7. Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлікке жатпайтыны)
- сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады;
- жұмыс күндері: 06: 00-ден 17: 00-ге дейін;
- мереке күндері: 10: 00-ден 17: 00-ге дейін.
8. Қоғамдық тамақтану объектілері (үй ішінде), соның ішінде. сауда және ойын-сауық орталығында орналасқан, онда да кіре беріс есігі бөлек
- сағат 07: 00-ден 21: 00-ге дейін 50% сыйымдылық деңгейінде, бірақ 30 орыннан, жазғы алаңдарда 50 орыннан адам аспауы керек.
- өзімен алып кету және жеткізу қызметі: уақыт шектеусіз.
9. Қоғамдық тамақтану орындары (стационарлық емес, жылжымалы)
- тек өзімен бірге алып кету және жеткізу: уақыт шектеусіз.
10. Сауда үйі, сауда-ойын-сауық орталығында орналасқан қоғамдық тамақтану орындары мен фуд-корттар
- өзімен бірге алып кету және жеткізу, уақыт шектеусіз.
11. "Медеу" мұз айдыны
- коньки тебуге тыйым салынады.
12. "Шымбұлақ" демалыс орыны
- келушілер санын 50%-ға дейін азайту (1000 адамға дейін)
13. "Шымбұлақтағы" қоғамдық тамақтану орындары
- 07: 00-ден 21: 00-ге дейін, тек жазғы алаңдарда жұмыс істеуге рұқсат;
14. 20 және одан да көп қызметкері бар банктер және қаржы нарығының басқа объектілері
- өндірістік қажеттілік болған жағдайда, қызметкерлердің кем дегенде 40% -ы жұмысқа ауысуға мүмкіндігі жоқ филиалдардан (бөлімдерден, пункттерден) басқа нысандарда жұмысшылардың жалпы санының кемінде 60%-ын қашықтықта жұмыс істеуін қамтамасыз ету (күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтау қажет).
15. ХҚКО, "Қазпошта" АҚ кеңселері
- жұмыс уақыты: сағат 09: 00-ден 18: 00-ге дейін.
16. Спорттық шараларды көрерменсіз өткізу
- ақпараттық қолдаусыз, шараға қатысушылар COVID-19 бойынша міндетті түрде ПТР-тесттен өтуі тиіс.
Құжаттан мынадай объектілердің қызметіне тыйым салынғаны белгілі болды:
Балаларды даярлау мекемелері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары;
Мәдени нысандар (дайындық);
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары;
Өңіраралық жолаушылар (туристік) тасымалы;
Қалалық жоспардан тыс (туристік) тасымал;
Цирк;
Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық аттракциондар), оның ішінде сауда және ойын-сауық орталығында орналасқан алаңдар;
Банкет залдары, түнгі клубтар, ойын және лото клубтары, караоке.
Сондай-ақ:
Көрермендері бар спорттық шараларға;
Ас беруге;
Көрнекті-бұқаралық іс-шараларға (конференциялар, форумдар және т.б.), отбасылық, мерекелік, бір отбасы мүшелерінен көп қатысатын шараларға (үйлену тойы, мерейтойлар, ұлттық рәсімдер, туған күндер және т.б.) тыйым салынады.
Сонымен бірге, Ashyq пилоттық жобасына қатысатын нысандардан бөлек бильярд, компьютерлік клубтар мен боулинг орталықтарының қызметіне тыйым салынады.
Бұл қаулы 20 наурызда өз күшіне енеді.