Түркістандағы аурухана палаталарында тарақан өріп жүр

видеодан кадр
Мынау жүрген тарақандар. Төсегімізде жүр. Не масқара?

Түркістан облысында ем-дом қабылдап жатқан науқастар шағым айтуда. Олардың сөзінше, өңірдегі аурухананың бірінде жәндіктер өріп жүр. Палатадағы жағдайды видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұл районный больница. Светіміз жоқ. Мынау жүрген тарақандар. Төсегімізде жүр. Не масқара мынау. Вальске шақырып жатыр қайта-қайта бізді.


Операциядан жаңа ғана шыққан тұрғындар ашық жараға тарақандар кіріп кете ме деп қорқып, дабыл қағуда. Ал, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар жағдайды былай түсіндірді.

Дана Сүлейменова, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Әлеуметтік желідегі жарияланған бейнежазбаға тоқталатын болсақ, бүгінде Түркістан қалалық ауруханасында тарақандарға қарсы арнайы дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр. Біріншіден, ол науқастарға зиян келмейтіндей, барлық талаптар сақталынатын болады. Екіншіден бұл проблемамен қайта бетпе-бет келмес үшін түпкілікті жою мақсатында аурухананың басшылығымен бұл қатаң қадағалануда болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды