Қиясов мереке күндері шектеулер қандай қағидат бойынша енгізілетінін айтты

Сондай-ақ, "жасыл" аймақта ең төменгі деңгеймен іс-шаралар ұйымдастыруға рұқсат етіледі, бірақ негізгі іс-шараларды онлайн режимде өткізуге кеңес беріледі.

Аймақтардағы санитарлық бас дәрігерлер өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Наурыз мейрамын тойлаудың белгілі бір көлемін анықтайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Денсаулыққа ерекше мән беру керек. Осыған байланысты, біз, әсіресе "қызыл" және "сары" аймақтағы тұрғындарға арлы-бері қатынауды кілт доғарып, аурудың таралу қаупін тудыратын бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруды барынша қысқартуды ұсынамыз, - деді Қиясов.

Сондай-ақ, "жасыл" аймақта ең төменгі деңгеймен іс-шаралар ұйымдастыруға рұқсат етіледі, бірақ негізгі іс-шараларды онлайн режимде өткізуге кеңес беріледі.

Біз қазірдің өзінде өңірлерге нақты ұсыныстар беріп жатырмыз. Санитарлық бас дәрігерлердің өзі белгілі бір шаралардың көлемін сол аумақтағы эпиахуалдың деңгейіне қарай анықтауға құқылы. Сонымен қатар, мұндай іс-шараларға қатысу үлкен тәуекелге әкелетінін ұмытпаған жөн, - деді ол.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: