Исатай ауданына жаңа әкім тағайындалды

Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Марат Мурзиев Исатай ауданы әкімі лауазымынан босатылды.

ҚР Президенті әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Полымбет Максимұлы Хасанов Исатай ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аданды бұған дейін 4 жылға жуық басқарған Марат Мурзиев өңіраралық ішкі ротациялауға сәйкес, басқа жұмысқа ауысуына байланысты Исатай ауданы әкімі лауазымынан босатылды.

Полымбет Максимұлы Хасанов 1980 жылы Индер ауданы Индербор кентінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін "Заңгер" мамандығы бойынша аяқтаған.

2002-2005 жылдары облыстық Ішкі істер департаменті жүйесінде жұмыс істеген.

2005-2006 жылдары Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман,

2006-2010 жылдары - облыс әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімінің бас инспекторы.

2010-2014 жылдары - Мақат ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында болған.

2014 жылы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары,

2014-2019 жылдары - Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, кейіннен Атырау қаласы әкімінің орынбасары.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер