Алматы қалалық мобильділік басқармасы бастығы пара алды деп күдіктелуде

Алматы қаласының әкімдігі
Ерлан Әділов өткен жылдың маусым айында тағайындалған болатын.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының бастығы Ерлан Әділовке қатысты қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды zakon.kz.

Пара алу дерегі бойынша Әділов Е.М-ге қатысты сотқа дейінгі тергеу 16 ақпанда ҚР Қылмыстық кодексінің 366 бабы 2-бөлігімен (Ірі мөлшерде пара алу) басталған. Қазір істің мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Талғат Башев.

Ерлан Әділов өткен жылдың маусым айында Алматы қалалық мобильділік басқармасының бастығы болып тағайындалған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс