Семейдегі атауы жоқ көшеге Нұрсұлтан Назарбаев есімі беріледі

Семей қаласының ақпараттық орталығы
Барлық мәселе бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды.

Бүгін Семей әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс бесінші сессиясы өтіп, отырыста төрт мәселе қаралды. Алғашқы үшеуі ведомствоаралық комиссиялардың құрамы жөнінде болса,ал төртіншісі – Қарағайлы жаңа ықшам ауданындағы даңғылға Тұңғыш Президенттің есімін беру туралы болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Даңғыл Қарағайлы ауданындағы Семей-Павлодар автожолынан бастау алады. Сол жағында көпсалалы мәдени-спорт кешені, Назарбаев Зияткерлік мектебі, ал оң жағында жаңадан тұрғызылған тұрғын үйлер мен балабақша орналасқан.

- Болашақта мұз айдыны кешенін, білім және технологиялар трансфері мектебін ашу жоспарлануда. Бірнеше функционалдық аймақтар, серуендеу аймақтары, қоғамдық тамақтану жерлері, балаларға арналғанойын және спорт алаңдары бөлінеді. Көшелерді жарықтандыру, орындықтар, қоқыс жәшіктерін және шағын сәулет нысандарын орнату қарастырылған, - деді Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Аталған даңғылдың әзірге атауы жоқ.

- "Қызыл" сызықтағы ені 40 метрді құраса, бүгінде ұзындығы 950 метр. Құрылысты ескерсек, даңғылдың ұзындығы екі шақырымнан асады, - деп қосты ол.

Барлық мәселе бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды.

Қарағайлы көшесіне атау беру туралы түпкілікті шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін