Қазақстанға жаңартылған Toyota Camry келе жатыр

kolesa.kz
Седанға жаңа бампер мен оптика орнатылады.

Петербордағы зауыттан шығатын көлік жайлы мәлімет Росстандарт базасында жарияланды, дейді kolesa.kz.

2017 жылы қаңтарда жарық көрген Toyota Camry XV70 АҚШ, Еуропа, Жапония, Қытай нарығында жаңартылды. Енді біздің "камриге" кезек келген сияқты.

Автоөндіруші машинаны әлі көрсеткен жоқ, бірақ техникалық жағынан қандай өзгеріс болатыны бізге мәлім. Себебі Camry таяуда ғана көлік құралының типін мақұлдайтын құжат алды.

Топтамада екі жаңа мотор пайда болған. Бұрынғы 6AR-FSE-нің орнын 2 литрлік M20A-FKS басады. Бұл агрегат та аралас бүрку функциясымен. Бойында 150 аттың күші бар, айналу моменті 192-ден 206 Нм-ге артқан. Қозғалтқыш 6 сатылы автоматпен емес, вариатормен жұптасады. Осылайша Camry-ге де сатысыз қорап орнатылатын болды.

2.5 литрлік қозғалтқыш та ауысты. Бұрынғы 2AR-FE-нің орнына енді A25A-FKS қойылады. Модель 2017 жылы АҚШ-та дәл осы мотормен ұсынылған. Қуаты 181-ден 200 ат күшіне, ал екпіні 231-ден 243 Нм-ге өсті. Инженерлер бұл жолы автоматты қалдырыпты, аталған мотор 8 сатылы қораппен жұмыс істейді.

Camry 3.5-тің қуаты артпады. V6 бұрынғыдай 249 ат күші мен 356 Нм айналу моментін береді. Толық жетекті және гибрид нұсқадағы көліктер ЕЭО елдеріне жеткізілмейді.

Түр-сипаты мен интерьеріне келер болсақ, еуропалық машинадан еш айырмашылығы жоқ. Седанға жаңа бампер мен оптика орнатылады, салонда Apple CarPlay, Android Auto-мен жұмыс істейтін 9 дюймдік планшет болады.

Жаңарған Camry-дің қашан көрсетілетіні белгісіз, дегенмен ол күн алыс емес сияқты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді