Ақтөбе облысы Көкжиде кенішінде мұнайшылар ереуіл бастады

Әділ сайлау болмасы айдан анық еді.

Ақтөбе облысы Көкжиде кенішіндегі "КМК Мұнай" компаниясының жүзге тарта жұмысшысы 25 наурызда тағы да ереуіл бастады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Олар "басшылық қаңтардағы жеті күндік ереуілден соң берген уәдесін орындамады" дейді. Кәсіподақ өкілі мұнымен келіспейді.

Көкжидеде жаңбыр құйып тұр. Сағат екіден бері өндірістік базадағы аңғардың ішінде жиналып тұрмыз. Өндіріс басында инженерлер ғана жүр, деп хабарлады Азаттыққа аты-жөнін атамауды өтінген мұнайшы.

Екі айдан бері жаңа кәсіподақ құра алмай жүрген "КМК Мұнай" жұмысшылары "басшыларға қарапайым еңбеккер құқын қорғайтын кәсіподақтың керегі жоқ" деп санайды.

– Бүгін "КМК Мұнайда" жаңа кәсіподақ құрылуы тиіс болатын. Жұмысшылар бір жақ, жұмыс берушіні қолдаушылар бір жақ болып екіге бөліндік. Әділ сайлау болмасы айдан анық еді. Өйткені кәсіподаққа төраға сайланатын күні жұмыс беруші кенішке Ақтөбедегі кеңседен 50 адам алып келген. Оған Көкжидедегі инженерлік құрам қосылып, жүзден астам адам болды. Біз сайлаудың ашық өтуін талап еттік. Бірақ салалық кәсіподақ өкілдері дауыс беру жабық түрде өткізіледі деп шешті. Әділ сайлаудың болмасын білгендіктен екінші ереуілді бастадық, – дейді "КМК Мұнай" жұмысшысы.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: