Назарбаев Шот-Аман Уәлихановтың отбасына көңіл айтты

liter.kz
Алаш жұртының құрметіне бөленген абзал азаматтың жарқын бейнесі халық жадында әрдайым сақталады деп сенемін - Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті сәулетші, қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, егемен еліміздің елтаңбасы авторының бірі Шот-Аман Уәлихановтың өмірден өткені туралы суыт хабарды үлкен күйзеліспен қабылдап, орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

"Шот-Аман Ыдырысұлы сан қырлы дарыны мен биік парасаты, еселі еңбегі арқылы ұлттық сәулет өнерінің өркендеуіне зор үлес қосқан тұлға еді. Азаттықтың бесігі болған Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументін сомдаған шығармашылық топ жетекшісі, сондай-ақ көптеген еңселі ескерткіштер мен көрікті ғимараттардың авторы ретінде ел мәдениетінің дамуына атсалысты. Талантты шәкірттер тәрбиелеп, соңына бірқатар ғылыми-зерттеу еңбектерін қалдырды. Алаш жұртының құрметіне бөленген абзал азаматтың жарқын бейнесі халық жадында әрдайым сақталады деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме