Президент Шот-Аман Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты көңіл білдірді

liter.kz
Соңына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырған Шот-Аман Ыдырысұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды - Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті сәулетші, ғалым әрі қоғам қайраткері, қаламгер Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Шот-Аман Ыдырысұлы елімізде сәулет өнерінің қарқынды дамып, жаңа белеске көтерілуі жолында көп еңбек сіңірді. Көптеген еңселі ғимараттар мен көрікті ескерткіштердің авторы атанды. Халқымыз оны Мемлекеттік Елтаңба авторларының бірі ретінде жақсы біледі. Ғұмырын шығармашылық ізденістер мен ғылыми зерттеулерге арнап, қаламгерлік жолда да жемісті жұмыс жасады. Руханият байлығын дамытуға едәуір атсалысты. Соңына өшпес із, сарқылмас мұра қалдырған Шот-Аман Ыдырысұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Халқымыз есімін әрдайым ардақ тұтады", – делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі