Мәскеулік ЦСКА мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов өз карьерасын Италия чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Дереккөздің ақпаратынша, 22 жастағы Зайнутдинов "Аталантамен" бес жылдық келісімшартқа отырды. Келісімшарттың қаржылық мән-жайы айтылмайды. Бірақ трансфердің құны 7-10 млн евро болуы мүмкін.
Футболшы биылғы маусымды ЦСКА сапында аяқтап, Италияға содан кейін аттанады. ЦСКА құрамында Ресей премьер-лигасында қазақстандық ойыншы 19 матч өткізіп, бір гол мен бір ассистің авторы атанған.
Зайнутдинов ЦСКА-ға 2020 жылдың тамызында ауысқан, ЦСКА "Ростовқа" екі млн евро төлеген.