Әділет генерал-майоры Бауыржан Бердалин дүниеден озды

ҚАЖД баспасөз қызметі
Екінші дәрежелі "Даңқ" ордені мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бұрынғы төрағасы, әділет генерал-майоры Бердалин Бауыржан Маратұлы 62 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бауыржан Маратұлы өмірінің көп жылдарын Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасы ІІМ органдарындағы қызметке арнады. Пенитенциарлық жүйедегі еңбек жолын 1985 жылдан бастап Қазақ КСР ІІМ еңбек-түзеу мекемесі бас басқармасының жедел бөлімінің аға жедел уәкілі болып бастады. Ұзақ жылдар бойы басшылық қызметтерде болып, 2011 жыл мен 2016 жылдары аралығында ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы лауазымын атқарды.

Екінші дәрежелі "Даңқ" ордені мемлекеттік наградасымен марапатталған.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке құрамы мен ІІО ардагерлер кеңесі Б.Бердалиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі