KASE Басқармасы төрағасының орынбасары жаңадан сайланды

Арнайы шешімге сәйкес, KASE Басқармасының құрамы бес адамнан тұратыны анықталды.

"Қазақстан қор биржасы" АҚ директорлар кеңесінің шешімімен, 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін өкілеттік мерзім бойынша Саржақов Жайнар Наурзбайұлы KASE Басқармасы төрағасының орынбасары болып сайланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қызметінің әр жылдары Жайнар Саржақов Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінде, Қаржы есебі және қаржылық операциялардың мониторингі бөлімінде басшылық қызметтерде болды, ҚР ҰБ, ҚР Ұлттық қоры, БЖЗҚ зейнетақы активтерінің, алтын-валюта активтерінің инвестициялық стратегияларын түзуге ат салысты. Мәскеу мемлекеттік университетін Қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген.

Осы шешім бойынша KASE Басқармасының құрамы келесі бес адамның тізіміне сәйкес анықталды:

Алдамберген А.Ө., Басқарма төрағасы;
Мәжекенов Е.Б., Басқарма төрағасының орынбасары;
Саржақов Ж.Н., Басқарма төрағасының орынбасары;
Хорошевская Н.Ю., Басқарма төрағасының орынбасары;
Цалюк А.Ю., Басқарма төрағасының орынбасары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: