"Талдықорған – Үшарал" жолы биыл аяқталады

Балқаш көлінің жағалауына баратын ұзындығы 140 шақырым жол қайта жаңартылып жатыр.

"Алматы – Өскемен" автожолының "Талдықорған – Үшарал" бөлігі, "Үшарал-Достық" автожолының реконструкциясы биылғы жылы аяқталады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл Алакөл көліне барушылар қатарын арттыруға ықпал етпек. Балқаш көлінің жағалауына баратын ұзындығы 140 шақырым жол қайта жаңартылып жатыр. Көлсай көліне жеткізетін жол құрылысы аяқталған. Ал Қайыңды көліне жеткізетін 12 км жолды жөндеу жұмыстары биылғы жылы басталады. "Алтынемел" Ұлттық паркіне дейінгі жолды қайта жаңартуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

"Ақ бұлақ" демалыс аймағына бару үшін Талғар қаласын айналып өтетін жол мен көпір салынды, Талғар тракты – "Лесная сказка", Шарын шатқалына кіретін жол жасалып, бұл жұмыстарға 6,3 млрд теңге жұмсалды.

Алматы облысындағы автокөлік жолдарының ұзындығы – 9 634 км, соның 6 811 шақырымы – жергілікті маңыздағы жол, 2823 км – республикалық жол. "Талдықорған – Өскемен" (313,5 км), "Күрті - Бурылбайтал" (166 км), "Ұзынағаш - Отар" (80 км), "Қапшағай - Күрті" (67 км), "Үшарал - Достық" (180 км), "Алматы - Бішкек" ("Алтын орда" базаны) сияқты автокөлік жолдарының құрылысы кіретін ірі инвестициялық жобалар облыстағы жол инфрақұрылымын дамытуға зор ықпал етіп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: