Қазақстанда шетелдіктерге жер сатуға тыйым салынады

inform.kz
Жалпы, бұл заң жобасы Жер кодексіне және үш заңға, соның ішінде Халықтың көші-қоны туралы заңға өзгерістер енгізуді көздейді.

Мәжіліс депутаттары жерді шетелдік компанияларға жалға беруге және сатуға тыйым салатын жер қатынастары туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров шетелдіктерге жалға беру үшін ауылшаруашылық жерлерін 2016 жылы қабылдаған мораторий 2021 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын еске салды. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тиісті заң жобасы әзірленді.

Бүгінгі күні ұсынылған заң жобасы шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік қатысы бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдіктердің қатысы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ кандастарға ауылшаруашылық жерлерін беруге толық тыйым салуды көздейді. Сонымен қатар, заң жобасында шетелдіктер мен шетелдік компаниялар қатысатын қазақстандық компаниялардың бұрын жалға алған ауылшаруашылық жерлерінің мерзімдерін ұзартуға болмайтындығы және пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелікте болатындығы қарастырылған, деп мәлімдеді министр Мәжілістің жалпы отырысында .

Сонымен бірге қандастар (оралмандар) Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бау-бақша өсіру және саяжай құрылысы үшін жер учаскесін ала алады.

Жалпы, бұл заң жобасы Жер кодексіне және үш заңға, соның ішінде Халықтың көші-қоны туралы заңға өзгерістер енгізуді көздейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз