Алексей Цой әзірге вакцина салдырмайды

24.kz
Оның айтуынша, өзіне салдыртпақ "QazVac" қазір соңғы сатысынан өтіп жатыр. Ол осы айдың соңына қарай қолданысқа еніп қалуы мүмкін.

Алексей Цой әзірге екпе салдырмайды. Отандық вакцинаны күтеді. Елордадағы емхана жұмысын тексеруге келген министр осылай деді, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар-24"-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өзіне салдыртпақ "QazVac" қазір соңғы сатысынан өтіп жатыр. Ол осы айдың соңына қарай қолданысқа еніп қалуы мүмкін.

Осы ретте ведомство басшысы "Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытта өндіріліп жатқан ресейлік "Спутник V" вакцинасын отандық өнім" деп, айды аспанға бірақ шығарды. Министрдің сөзіне сенсек, басқа ел ойлап тапқан өнімді өзімізде өндіру де өте күрделі технология. Сондықтан әлгі вакцинаны Қазақстанда шығарылған деп толық сеніммен айтсақ болады деді.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- "Спутник V" де қазақстандық вакцина. Ол біздің елде өндірілген. Субстанциясы Ресейге тиесілі шығар. Бірақ вакцина Қазақстанда өндірілді. Сондықтан оны отандық өнім деп айтуға болады. Сыртқы қаптамасында да Қазақстанда шығарылған деп жазылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды