Әлемдегі ең бай адамдар тізімі Қазақстанның тағы үш олигархымен толықты

Қазақстандықтар арасында Владимир Ким 4,6 миллиард долларлық байлығымен І-орынды (әлемдік рейтингте - 622 орын) иеленеді.

Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жаңартты. Бұл тізімге Қазақстаннан үш жаңа миллиардер енді, деп хабарлайды zakon.kz.

Тізімнен жаңадан төбе көрсеткен үшеу мыналар: Kaspi.kz сайтының негізін қалаушылар Вячеслав Ким және Михаил Ломтадзе, сондай-ақ Freedom Finance инвестициялық комитетінің бас директоры Тимур Тұрлов.

Қазақстандықтар арасында Владимир Ким 4,6 миллиард долларлық байлығымен І-орынды (әлемдік рейтингте - 622 орын) иеленеді. Оның байлығы өткен жылмен салыстырғанда 900 миллион долларға дейін өсті.

Болат Өтемұратов - ІІ-орында (әлемде 891 позицияда). Оның капиталы 3,4 миллиард долларды құрайды. Бір жыл ішінде оның байлығы 700 миллион долларға өсті.

ІІІ-орынды (әлемдік тізімде - 925) 3,3 миллиард долларлық капиталымен Kaspi.kz тең құрылтайшысы Вячеслав Ким иеленді.

Одан кейін 2,3 миллиард долларлық байлығы бар - Кимнің серіктесі Михаил Ломтадзе (956-орын - әлемдік рейтингте) тұр.

Қазақстандықтар арасында V-орынды (1111-орын: жаһандық тізімде) Тимур мен Динара Құлыбаевтар иеденеді. Олардың әрқайсысының байлығы 2,8 миллиард долларға бағаланады.

Алғаш рет Тимур Тұрлов (әлемдік тізімдегі 1517 позицияда) 2,2 миллиард доллар капиталымен осы тізімге енді.

Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безос дәстүрлі түрде 177 миллиард долларлық байлығымен әлемдік тізімде көш бастап келеді. Одан соң 151 миллиард доллар байлығы бар Илон Маск тұр. III-орында - 150 миллиард долларымен Луи Виттон мен Кристиан Диор Бернард Арноға иелік ететін француз магнаты.

Майкрософттың негізін қалаушы 124 миллиард доллар байлығымен - IV-орында.

Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг 97 миллиард доллармен алғашқы бестікті түйіндейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: