Жаңа түскен келін енесінің туған қызы болып шықты

8world News
Бірақ қос тарап тойдан бас тартпаған.

Қытайдың Сучжоу қаласында таңғажайып оқиға орын алды. Үйлену рәсімі кезінде күйеу жігіттің анасы қалыңдықтың қолынан 20 жыл бұрын жоғалтқан кішкентай қызындікіндей қалды байқайды, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Әйел өзінің күдігін сейілту үшін қыздың ата-анасына бар шындықты жайып салуды жөн көреді. Өз кезегінде құда-құдағи қыздарын асырап алғанын, 20 жыл бұрын жол жиегінен тауып алғандарын мойындайды.

Енесі дегені шындығында өзінің туған анасы екенін білген қалыңдық бақыттан жылап жіберіпті. Өйткені бойжеткен әрдайым биологиялық ата-анасын тапқысы келіп, көп ізденген екен.

Бірақ қос тарап тойдан бас тартпаған. Өйткені күйеу жігіт әйелдің өгей баласы болып шықты, ол жоғалған қызын таба алмай, сары уайымға салынғанда бала асырап алу туралы шешім қабылдапты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды