30 млн теңге үстемақыны аурухананың 14 қызметкері бөлісіп алды

видеодан кадр
Коронавируспен күресте үстемақыны заңсыз алған.

Карантиннің "қызығын" көруден ақтаулық дәрігерлер де қалыспаған. Олар кабинетте отырып-ақ үстемақы алыпты. Коронавируспен күрес кезінде заңсыз ақша алғаны үшін енді жауап беріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Науқастармен тікелей жұмыс істемейтін кеңсе қызметкерлері 30 миллион теңгеден астам қаржыны өзара бөлісіп алған. Оқиға былтыр күзде болыпты. Облыс ауруханасындағы бухгалтер, кадр мен экономикалық бөлімінің 14 қызметкері мансабын асыра пайдаланып, өзіне тиесілі емес үстемақыны жаздырып алған. Бүгінде үш адамға қатаң сөгіс берілді. Қалғанына қандай жаза қолданылатыны енді белгілі болады. Қазір қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Иманмағзұм Шағырбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тергеушісі:

- Кінәлі қызметкерлер сөгіс және қатаң сөгіс деген тәртіптік жауапқа тартылған. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заң бойынша үстемақы негізі медицина қызметкерлеріне көзделген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды