Берік Уәли Президенттің Sputnik V екпесін неге алғанын түсіндірді

Берік Уәли
Ол Президенттің келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Президенттің басқа емес, Sputnik V вакцинасын неге салдыртқаны туралы ел ішіндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, "Спутник-V" екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда. Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді. Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр, деп жазды Берік Уәли Facebook-те.

Ол Президенттің келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті екенін жеткізді.

Президент коронавирусқа қарсы күресте халықты жаппай вакцинациялаудан басқа балама жоқ екеніне сенімді, - дейді Берік Уәли.

6 сәуірде Тоқаев Қарағанды ​​зауытында шығарылған Sputnik V вакцинасын салдыртты. Алдында Мемлекет басшысы отандық вакцина салдыртатынын айтқан еді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қасым-Жомарт Тоқаевтың неге Sputnik V вакцинасын салдыртқанын түсіндірді.

Sputnik V да қазақстандық вакцина. Ол Қазақстанда шығарылады. Иә, ішіндегі субстансасы Ресейде жасалған, бірақ ол Қазақстанда өндіріледі. Барлық жерде: орамасының сыртында, зауытта да "бұл вакцина Қазақстанда өндірілген" деп жазылған, - деді Алексей Цой "Хабар 24" телеарнасының эфирінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі