Лавров Каспий теңізінің мәртебесіне қатысты мәлімдеме жасады

radioiskatel.ru
Ол үш жыл бұрын Ақтауда қол қойылған құжатты еске салды.

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен болған келіссөздер қорытындысын жариялау кезінде Каспийдің мәртебесі мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Біз Ирандағы үш жыл бұрын Ақтауда қол қойылған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау рәсімдерін мүмкіндігінше тезірек аяқталуын күтудеміз, - деді Лавров.

Ол сол кезде маңызды құжат күшіне еніп, Каспий теңізіндегі ынтымақтастықтың негізін нығайтатындығын баса айтты.

Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түркіменстан арасындағы халықаралық шартқа Ақтауда өткен Бесінші Каспий саммиті аясында 2018 жылдың 12 тамызында қол қойылды. Конвенция Каспий теңізіне қатысты 1921 және 1940 жылдардағы кеңес-иран келісімдерін өзгертті. Соған сәйкес, Каспий теңізінің негізгі су беті көл емес, теңіз ретінде танылады, ол құқықтық мәселелерге негіз болады. Каспий теңізі тараптардың ортақ пайдалануында қала береді, ал төменгі және жер қойнауын көрші мемлекеттер халықаралық құқық негізінде арадағы келісім бойынша бөліп қарастырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады