ҚР территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, республикамыздың солтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, республикамыздың қалған аймақтарында ауа-райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Кей жерлерде тұман, желдің күшейюі, республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-батысында жел шаңды дауылмен, солтүстікте көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, күндіз кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, таңертең және күндіз желдің күші 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с болады.
Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтобе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланады.
Жамбыл, түнде Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшейіп кей жерлерінде тұман бақыланады.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі, таеңертең және күндіз Маңғыстау облысының жағалауында тұман күтіледі.
Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз жел, шаңды дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.