Республикалық арнайы мониторингтік топ басшылығына Рақым Ошақбаев келді

Ол бұған дейін осы мекеме басшысының (Айгүл Соловьеваның) орынбасары қызметін атқарған.

Рақым Ошақбаев Республикалық арнайы мониторингтік топтың басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлады

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылуын сырттай талдау мен бағалаушы Республикалық арнайы мониторингтік топтың жетекшісі қызметін атқарған Айгүл Соловьева ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалғаны белгілі болды. Тиісінше, меритократия қағидасы бойынша Рақым Ошақбаев Республикалық арнайы мониторингтік топтың жетекшісі болып тағайындалды.

Ол бұған дейін осы мекеме басшысының орынбасары қызметін атқарған. Рақым Ошақбаев - экономист, TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының директоры.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: