Алматы облысындағы бір ауданға блок-бекеттер қойылды

kaskelenec.kz
Ауылдық округ территориясына осындай блок-бекеттің тоғызы қойылған.

КВИ-дың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймаққа жатқызылған Алматы облысының Көксу ауданында блок бекеттер қойылды. Өткен тәулікте өңірде 263 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таңғы сегізден түнгі онға дейін ауданға кірер жолдарда полиция мен жергілікті атқарушы орган өкілдері кезекші болатынын жеткізді. Ауылдық округ территориясына осындай блок-бекеттің тоғызы қойылған.

Көксу ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ауыл округтерінің кіріп-шығатын жолына профилактикалық сипатта күндізгі блок бекеттер қойылған. Ол жерде көрші облыстан келгендерді тексеріп жатыр.

"Көксу ауданында коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты ауыл округтерінің кіреберісіне блок бекеттер қойылды. Аудан бойынша қозғалыс шектелмейді. Блок бекеттерде басқа өңірден келген адамдар ғана бақылауға алынады", – деді Көксу ауданы полиция бөлімінің бастығы Рамиль Гимадиев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды