Әлиханға шүйліккен директор Кульбаеваға ескерту жасалды

Әлихан өзінің жұмысын ары қарай кедергісіз жалғастырады.

Рақмет сізге, Аймағамбетов мырза! Әлиханның мәселесі ҚР білім және ғылым министрлігі тарапынан шешімін тапты, деді желіде Бекболат Қаржан.

Кеше мен Қ.Жұбанов атындағы Жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы, құқы тапталып жатқан жас мұғалім Әлихан Жақсылықтың ісіне қатысты мәселені жариялаған болатынмын. Әлихан маған жағдайды түсіндіріп айтты. Бүгін министрліктің тарапынан бұл мәселе шешімін тапты. Министрлік оқу орны басшылығына Әлихан Жақсылықтың ісіне қатысты ескерту жасап, жеке жұмысына кедергі жасалмасын, шығармашылығымен айналыссын, мәселенің бәрін реттеңдер деп ескертті.

Осы мәселеге қатысты ректоратта жиналыс болып, ректораттың адамдары менімен байланысқа шығып, Әлиханның алдағы уақытта тек қана өзіне тиесілі жұмысымен ғана айналысатынын, және оның жұмысы бойынша траектория жасап беретінін, оған көмектесетінін айтты. Сонымен қатар алдағы уақытта магистратурада оқуы бойынша тілге тиек етті.

Әлихан өзінің жұмысын ары қарай кедергісіз жалғастырады. Мәселе реттелді, шешімін тапты. Өткен уақыттағыдай жағдайлар қайталанбайтын болды. Өзінің жеке шығармашылық жұмыстарымен еркін айналыса алады. ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке рақмет, делінген жазбада.

Бұған дейін күйініп кеткен казақ баласы әлеуметтік желі арқылы министр Асхат Аймағамбетовтен араша сұраған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: