Биткоинның құны 62,7 мың доллар болып алды

Pixabay
Binance ең ірі криптовалюта биржасында Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 2: 23-тегі сауда-саттықта биткоинның бағасы 3,1%-ға, яғни 62,7 мың долларға дейін қымбаттады.

13 сәуірде биткоиннің бағасы тағы да тарихи максимумға жетіп, бір монетаның құны 62,7 мың доллар болды (27 миллион теңгеден астам), деп хабарлайды zakon.kz.

РИА Новостидің хабарлауынша, бұған сауда мәліметтері дәлел.

Binance ең ірі криптовалюта биржасында Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 2: 23-тегі сауда-саттықта биткоинның бағасы 3,1%-ға, яғни 62,7 мың долларға дейін қымбаттады. Шамамен орташа бағаны есептеген CoinMarketCap порталы мәліметі бойынша, 20-дан астам биржалар үшін биткоин 2,84%-ға, яғни 62,6 мың долларға дейін қымбаттады.

Бір тәулікте барлық жерде өсім болғаны байқалады.

13 наурызда Bitcoin бағасы тарихи шекті игеріп, 61 844 доллар болған еді, алайда содан кейін күрт құлдырау басталып, 25 наурызда оның құны 50 427 доллар болды, яғни 23% -ға төмендеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді