"Қызыл" аймақтағы әуежай мен теміржол вокзалдарына қатысты қосымша шектеу енгізілді

Алматы қоғамдық кеңесі
"Қызыл" аймақта жолаушыны шығарып салушылар мен күтіп алушылар әуежай және теміржол вокзалдарына кіргізілмейді.

14 сәуірде Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бұрынғы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Атап айтқанда, Қазақстанға келетін Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамдарды (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) ПТР-анықтамасы болмаса, ұшаққа отыруына рұқсат бермеу туралы ереже алынып тасталды.

Сонымен бірге, халықаралық әуежайлардың басшылары қауіпті аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде әуежай ғимараттарына шығарып салушылар мен кіріп-шығушы адамдарды шектеуді қамтамасыз етуі керек деген қосымша норма енгізілді.

Сонымен қатар, қауіпті аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлердегі теміржол вокзалдары ғимараттарына шығарып салушылар мен күтіп алуға келуші адамдарға шектеу енгізілді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды