Қырғызстанда дәрігерлер коронавирусты екі-үш күнде емдеудің әдісін тапты. Ковид науқасты емдеу үшін олар Ыстықкөл тамырын пайдаланған, деп хабарлайды zakon.kz.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымқадыр Бейшеналиев "24.kg" ақпарат агенттігіне дәрінің сұйықтығын өзі әзірлейтінін айтты.
Денсаулыққа еш зияны жоқ. Оны ыстықтай ішу керек, екі-үш күнде ковид тесттен көрсетпейді, науқас та бірден жақсарады. Бұл қақырық түсіретін дәрі, оған қоса қан құрамындағы қантты түсіреді. Науқасқа жауапты әр дәрігер оның жанында отырып жекелей бақылайды, яғни науқас дәріні ыстықтай ішіп жатқанда қасында отырады, - деді ол.
Министр қазіргі уақытта елде COVID-19-дың үшінші толқыны жүріп жатқанын атап өтті.
Адамдарымызды жоғалтпау үшін біз осындай қадамға еріксіз бардық. Екінші толқын кезінде науқастарды осы Ыстықкөл тамырымен емдедік, бірақ бұл туралы ешкімге айтқан емеспіз, - дейді Бейшеналиев.
Ол тамырдың пайдасы әлдеқашан дәлелденгенін айтады.
Министр ерітіндіні өзі ішіп жүргеніне қарамастан вакцина салдыртқанын айтты.