Атырау-Алматы пойызынан бір жолаушы күштеп түсірілді

inbusiness.kz
Ол мас болғанымен қоймай, бұтына да "жіберіп" қойыпты.

Көліктегі полиция қызметкерлері бір жолаушыны Ақтөбе-Алматы бағытындағы пойыздан түсіріп тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Көліктегі ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түлкібас станциясында 50 жастағы ер адамды пойыздан түсіріп кетті. Пойыз вагондарының бірінде Қызылорда облысының мас тұрғыны бұтына "жіберіп" қойған.

Сонымен қатар, ол өзін дөрекі ұстап, басқа жолаушыларға айбат шеккен және ескертулерді елемеген. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ер адамға орташа алкогольдік масаңдық диагнозы қойылған. Құқық бұзушыға қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 440-баптарының 1-бөлігі, яғни "Ұсақ бұзақылық және алкогольдік ішімдік тұтыну немесе қоғамдық орында мас күйінде болу" бойынша екі хаттама толтырып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салды, деп хабарлады полициядағылар.

Ұсақ бұзақылық туралы материал Қызылорда облысының Арал аудандық сотына жолданды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі