Тоқаев Түрікменстан президентіне көңіл айтты

Ақорда
Айта кетсек, 18 сәуірде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтың 89 жастағы әкесі Мәлікулы Бердымұхамедов қайтыс болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Әкеңіздің жарқын бейнесі жақындары мен барша отандастарының жүрегінде жақсы адам, дана ұстаз және өмірін Отанына қалтқысыз қызмет етуге арнаған шынайы патриот ретінде мәңгілік сақталады. Орны толмас қайғыны бөлісе отырып, Сізге және барша жақын туыстарыңызға осындай қиын сәтте сабыр тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетсек, 18 сәуірде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтың 89 жастағы әкесі Мәлікулы Бердымұхамедов қайтыс болды.

Түрікменстан ішкі істер министрлігінде жұмыс істеген жылдар ішінде аға Бердімұхамедов түрлі қызметтер атқарды. 1982 жылы подполковник шенімен зейнетке шыққаннан кейін ұзақ жылдар бойы Ұлттық білім беру институтында, Педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтында оқытушы болып жұмыс істеді және Ашхабад қаласының білім басқармасында да қызмет атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты