88 жасында Түрікменбашының әкесі қайтыс болды

видеодан кадр
Оның есімі Ашғабадтағы №1001 әскери бөлім мен ІІМ қызметкерлері үшін салынған демалыс орнына берілген.

18 сәуірде Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтің 88 жастағы әкесі Мяликгулы Бердымұхамедов қайтыс болды. Бұл туралы өлкенің мемлекеттік ақпарат құралдары хабарлады, дейді centralasian.org.

БАҚ мәліметтеріне сәйкес, 1932 жылы туылған Мяликгулы Бердымұхамедов әр жылдары кітапханашы, түркімен тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып, кейін ішкі істер министрлігінде түрлі қызметтер атқарған. Әскери оқу орнын аяқтап, зейнетке подполковник болып шыққан.

Осыған дейінгі ресми мәліметтерде Мяликгулы Бердымұхамедов батыр және жастарға үлгі болатын адам ретінде сипатталып, қайырымдылық көрсетіп тұратыны, өлең жазатыны да айтылып келген.

Оның есімі Ашғабадтағы №1001 әскери бөлім мен ІІМ қызметкерлері үшін салынған демалыс орнына берілген.

Түркіменстанның ақпарат құралдары ондаған жылдар бойы президенттің әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовті, анасы Огулабатты және үлкен атасы Бердымухамед Анаевті мақтап-мадақтап келеді. Өлкеде Мяликгулы Бердымұхамедов атындағы медаль бар. Бердымухамед Анаев атындағы әскери оқу орны бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі