Семей қаласына үш ауыл қосылуы мүмкін

Олар - Алғабас, Абыралы, Қайнар ауылдары.

Семей қаласының әкімдігі қала мәслихатымен бірлесіп "Семей қаласының елді-мекендерінің шекараларын (сызықтарын) белгілеу туралы" қаулы / шешім жобасын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаланың шекаралары үш елді-мекеннің қосылуына байланысты кеңейеді. Атап айтқанда:

Алғабас ауылдық округі, Алғабас ауылы, жалпы ауданы - 22 853,1 га;

Абыралы ауылдық округі, Абыралы ауылы, жалпы ауданы - 13 511,5 га;

Қараөлең ауылдық округі, Қайнар ауылы, жалпы ауданы - 23 017,27 га.

"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ жерді тіркеу құжаттамасына құжат бекітілгеннен кейін қажетті өзгерістер енгізеді.

Жоба 4 мамырға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: