"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы жаңадан тағайындалды

ҚР ИИДМ ҚР ИИДМ
Оның бұл тағайындауға дейінгі лауазымы - Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

Асқар Маратұлы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Маратұлы 1976 жылы дүниеге келген. Бұрынғы Семей облысының тумасы. Шығыс Қазақстан техникалық университетін (инженер-экономист) және Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін (инженер) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Шығыс қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментінің инспекторы болып бастаған. Әр жылдары "Қазақавтожол" РМК Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры болып қызмет еткен.

2007-2012 жылдары-Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сарапшысы, Жамбыл облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012-2015 жылдары - Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2015-2017 жылдары — Зеренді ауданының әкімі.

2017-2019 жылдары - Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Бұл тағайындауға дейінгі лауазымы - Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Ассамблеяның басты міндеттерін атады

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың өтетін күні белгілі болды

Тоқаев: Араздыққа алып келетін барлық арандатушылықтың жолын кесу қажет

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті

Қытай айда АЭС салуды жоспарлап отыр