Нығматулин: салық заңнамасын жетілдіру Мәжілістің басты назарында

Ж.Құспанов
Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелер туралы заң жобасы I оқылымда қарау ұсынылды.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бюро отырысында депутаттардың бастамасымен әзірленген әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелер туралы заң жобасы I оқылымда қарау ұсынылды.

Аталған заң жобасы еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың тетіктерін заңнамалық реттеу және жүйелендіру мақсатында әзірленді.

Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыста салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексіне заңнамалық түзетулерді енгізетін заң жобасы I оқылымда қаралмақ.

Сонымен қатар, депутаттар назарына бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылды. Олар: Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастыққа қатысты келісім және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз