Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 26 сәуіріне дейін бірқатар салықтар мен бюджетке төлемдер төлеу қажет екенін еске салады, деп хабарлайды zakon.kz.
Атап айтқанда, мынадай төлемдер жасалуы керек:
КТС, 2021 жылғы сәуірдің аванстық төлемдері;
Резидент және резидент еместің 2021 жылғы наурыздағы кірістерінен төлем көзінен ұсталған КТС;
2021 жылы наурызда төленген кірістің төлем көзінен ұсталған ЖТС;
2021 жылғы наурыздың әлеуметтік салығы;
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем:
- жеке тұлғалар – жерді ақылы пайдалану мақсатында алынып, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмаған жер учаскелері үшін, 2021 жылғы наурызда уақытша өтеулі жер пайдалану шарты жасалған жағдайда;
- уақытша өтеулі жер пайдалану келісімшарты 2021 жылғы наурызда аяқталған немесе тоқтатылған жағдайда;
ҚР жұмыс істемейтін және ҚР салық төлеушісі ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар және резидент емес заңды тұлғалардың радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем, рұқсатты 2021 жылғы наурыз айында алған жағдайда;
2021 жылғы сәуірде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем;
Міндетті зейнетақы жарналары:
- азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша қызметкерлер мен жеке тұлғаларға 2021 жылғы наурызда төленген кірістен ұсталған ақы;
- 2021 жылы наурызда Дара кәсіпкерліктің өз пайдасына төленген кірісі (арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын Дара кәсіпкерлікті қоспағанда), жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 2021 жылы наурыздағы кірістері;
- 2021 жылғы наурызда сақтандыру төлемін жүзеге асырған кезде сақтандыру ұйымы төлеген төлемдер;
- ҚР азаматтары 2021 жылғы наурызда алған табысы бойынша өз еркімен төлейтін төлемдері:
- салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсету) қатысты азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттары бойынша;
- ҚР халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріндегі, шет мемлекеттердің ҚР-да тіркелген дипломатиялық өкілдіктеріндегі және консулдық мекемелеріндегі жұмысынан;
- ҚР аумағынан тыс жұмыстан;
- 2021 жылғы наурызда қызметкерлерге төленген кіріске есептелген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары;
- 2021 жылғы наурыздың әлеуметтік сақтандыру жарналары;
2021 жылғы наурызда қызметкерлерге төленген кірісі бойынша МӘМС жарналары;
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары:
- қызметкерлер мен жеке тұлғаларға азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша 2021 жылғы наурызда төленген кірістен ұсталған;
- 2021 жылы наурызда Дара кәсіпкерліктің өз пайдасына төленген кірісі (арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын Дара кәсіпкерлікті қоспағанда), жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 2021 жылы наурыздағы кірістері;
- өз бетінше төлеушілердің 2021 жылы наурызда алған кірісінен төленетін төлемдері.
2021 жылғы салықтар мерзімі мен төлемдерді төлеу және салық декларацияларын ұсыну мерзімдері туралы мәліметтермен Салықтық күнтізбеде танысуға болады.