Парақор Өсербаевқа 72 млн теңге айыппұл салынды

zakon.kz
Бұл - ол алған параның 30 еселенген мөлшері.

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" төрағасының орынбасары Өсербаевқа параның 30 еселенген мөлшерінде айыппұл салынды, деп мәлімдеді брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айырықша маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров , деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

12 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық No2 сотының қаулысымен "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" басқарма төрағасының орынбасары Өсербаевқа алған парасының 30 есе мөлшерінде, яғни 72 миллион теңге айыппұл салынды, - деді Биғайдаров.

Ол Өсербаевтың 17 ақпанда "ФН Менеджмент" ЖШС-нің директоры Тәжібаевтан мүлікті басқару ұйымына қызмет көрсету туралы келісім бойынша орындалмаған жұмыстардың актілеріне орынлалды деп қол қойғаны үшін 2,4 миллион теңге пара алды деп күдікке алынғанын еске салды.

Сол үкіммен ЖШС директоры Тәжібаевқа 48 миллион теңге айыппұл салынды, - деді тергеуші.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды