Сенат төрағасы Ресей елшісімен кездесті

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Жүздесушілер екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Жүздесушілер екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасы парламентаралық диалог Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын атап өтті.

"Екіжақты қарым-қатынастарда өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының шамамен 70 пайызы өңіраралық және шекара маңы саудасына тиесілі. Біздің мемлекеттеріміздің басшылары шекара маңындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударып отыр. Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумдары өткізіліп келеді. Біздің сенаторларымыздың басым бөлігі белгілі бір аймақтардан сайланған. Сондықтан сенаторлар біздің елдеріміз Президенттерінің барлық бастамаларын қолдайды әрі жүзеге асыруға белсене қатысып келеді", – деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат төрағасының айтуынша, біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас ғылыми-білім беру, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда табысты дамып келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді