Мықты акушер-гинеколог Гүлмира Жатқанбаева өмірден озды

Өкінішке қарай, жақсы адамдар кетіп жатыр - марқұмның әріптесі.

Жоғары санатты акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының кандидаты Гүлмира Жатқанбаева 63 жасында өмірден озды, деп хабарлайды zakon.kz.

Әріптестері Гүлмира Жұмақанқызының нағыз кәсіп иесі, адал дос, көрікті әйел, тамаша адам, жас дәрігерлер мен студенттердің бірнеше буынының тәлімгері және ұстазы болғанын атап өтеді.

Тәуліктің кез-келген уақытында аяғынан тік тұрып, жеке уақытын сарп етіп, Гүлмира әрдайым әріптестеріне көмекке келетін, ота үстелінде науқастардың өмірі үшін соңына дейін күресуге барын салатын адал жан еді. Біз нағыз Дәрігер мен Ұстаздан айырылдық. Өкінішке қарай, жақсы адамдар кетіп жатыр. Гүлмира Жұмақанқызының жарқын мейірімді бейнесі біздің, оның емдеп, жазған мыңдаған адамдарының, туыстары мен студенттерінің жүрегінде сақталады ..., - деп атап өтті марқұмның студенттік кезеңінен бастап.әріптесі Вячеслав Локшин.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: