Шахтинск қаласының әкімі тағайындалды

gov.kz
Ол 2017 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Бұған дейін Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған Әскербек Халтонов Шахтинск қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. Ол шамамен алты жыл бойы қаланы басқарған Сержан Аймаковтың орнына келді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шахтинск қаласында облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Депутаттар ұсынылған үміткерді бірауыздан мақұлдады.

"Өңір басшысы активке қаланың жаңа әкімін таныстырды. Ол Сержан Аймаковқа атқарған жұмысы үшін алғысын білдіріп, жаңадан тағайындалған басшыға Шахтинск қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша міндеттер қойды", делінген баспасөз хабарламасында.

Әскербек Халтонов еңбек жолын "Қарағанды жолдары" АҚ жол жұмысшысы болып бастады, одан кейін шебер, бас инженер, бастықтың орынбасары болып жұмыс істеді.

2005 жылдың сәуір айында мемлекеттік қызметке келді. Көлік және коммуникация министрлігі жанындағы облыстық басқармада еңбек еткен.

Кейін облыс әкімі аппаратына ауыстырылып, құрылыс, байланыс және жол-көлік инфрақұрылымы бөлімін басқарды.

Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары болды.

2017 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты