Мамин "Ресей темір жолдары" ААҚ бас директорымен кездесті

primeminister.kz
Тараптар теміржол көлігі және логистика саласындағы ынтымақтастықты екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де нығайту мәселелерін талқылады.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин "Ресей темір жолдары" ААҚ бас директоры – басқарма төрағасы Олег Белозеровпен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Тараптар теміржол көлігі және логистика саласындағы ынтымақтастықты екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде де нығайту мәселелерін талқылады.

"Бірлескен көліктік-логистикалық компания – Еуразиялық теміржол альянсы" АҚ ("БКЛК ЕРА") одан әрі дамыту перспективалары қаралды. Аталған интеграциялық жоба Қазақстан, Ресей және Беларусь аумағы арқылы "Қытай – Еуропа" бағыты бойынша тұрақты пойыздар құрамында транзиттік контейнерлік тасымалдау қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған.

"Қазақстан өзінің көліктік-логистикалық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Темір жолдарды одан әрі дамыту, аймақтағы сауда мен транзит көлемдерін арттыру – біз үшін өте маңызды және басым міндеттер", — деді Мамин.

2020 жылы пандемияға қарамастан, "Қытай – Еуропа" бағыты бойынша Қазақстан аумағы арқылы транзитпен жүктерді контейнерлермен тасымалдау көлемі 517,5 мың ЖФЭ құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 65%-ға артық. Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2020 жылы 85,6 млн тоннадан асты. Осы жылдың I тоқсанында екі ел арасындағы контейнерлік тасымалдар 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57%-ға өсті.

Кездесуге ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев қатысты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз