Бекшин Арбаттың неге жабық тұрғанын түсіндірді

zakon.kz
Қазір инфекция жұқтырушылар көп.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Арбатты жабу туралы шешімнің не үшін қабылданғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Баспасөз мәслихаты кезінде бас санитарлық дәрігер жаяу жүргіншілер аймақтарында, бірінші кезекте Жібек жолы даңғылы, Панфилов көшесіндегі саябақ аумағында адамдар көп болатынын айтты.

Қазір инфекция жұқтырушылар көп. Жергілікті халық Алмалы әкімдігіне арыз түсірді. Содан сынақ жоба ретінде біз осы шектеуді енгізіп көруді шештік. Алмалы әкімдігінде бұл шектеу санитарлық жағдай бойынша көшелерде тәртіпті қалпына келтіруге, сондай-ақ халықтың топ болып жиналуына тоқтау болғанын хабарлап, бұған оң баға берді, - деп түсіндірді Бекшин.

Оның айтуынша, осыған байланысты Жібек Жолы көшесіндегі көлік қозғалысын тоқтату, сондай-ақ саябақ аймақтарына кіруді шектеу мәселесі қарастырылуда.

Алматыда 24 сәуірде жаяу жүргіншілер үшін Арбат жабылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады