Шетелге жылына бір рет қана шығуға рұқсат етіледі - ҚР ІІМ түсініктемесі

pervo.ru
Блогерлер хабарламаны дереккөзді көрсетпестен таратып, оқырмандарды "жаңалықтың" шынайылығына сендірген.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР ІІМ қазақстандықтарға шетелге жылына бір рет қана шығуға мүмкіндік беретін заң жобасы әзірленіп жатқандығы туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл – фейк.

Бұл "жаңалықтың" басты нұсқасы Instagram-дағы Qaznews24 сатиралық паблигінен алынған. Бұл аккаунттың профилінде барлық жарияланымдардың шынайы емес, тек көңіл көтеру мақсатында ойлап табылатындығы және шындыққа еш қатысы жоқ, деп хабарлайды stopfake.kz.

Дегенмен, блогерлер хабарламаны дереккөзді көрсетпестен таратып, оқырмандарды "жаңалықтың" шынайылығына сендірген.

ҚР ІІМ шетелге шығу санын шектеу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Инстаграм қолданушысы көші-қон саласындағы халықаралық келісімдерге қатысты жалған ақпарат жариялады. ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қазіргі уақытта ІІМ көші-қонға қатысты 23 келісімге қол қойды, оның 15-і реадмиссия туралы, 5-і көші-қон саласында және 3-і болу тәртібі туралы. ІІМ өз кезегінде келісімдерге қол қою кезінде ең алдымен азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғауды басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабының 2-тармағына сәйкес, "Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар", – делінген ведомство жауабында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты